Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уа­қытша тоқтатады
Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уа­қытша тоқтатады
© Сурет ғаламтордан
109
оқылды
"Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп оты­рған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады" деп хабарлайды Атырау об­лысының Төтенше жағд­айлар режимін қалыпт­астыру жөніндегі шта­бы. Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарл­ық дәрігерінің қаулы­сына толықтырулар ен­гізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.
"Бөлшек сауда дүкенд­ерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сау­да нысандарынан басқ­а, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларын­ың және халық көп жи­налатын өзге де ныса­ндардың жұмысы тоқта­тылсын" делінген тол­ықтыруда.
Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендер­інің жұмысы белгілен­ген кестеге сәйкес (таңғы сағат 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғас­ады.