9 мамырға жоспарланған Жеңіс парады кейінге шегерілді. Ресей билігі Жеңістің 75 жылдығына дайындық іс-шараларын кейінге шегерді. Бұл туралы президент Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Бірақ оның нақты қай күнге ауыстырылғаны әлі белгісіз. Айта кетейік, наурыз айының соңында Мәскеу түбіндегі «Алабино» полигонында осы парадқа дайындық жаттығулары өткен болатын.