Тұтынушы қарызы 4 трлн теңгеден асты

Тұтынушы қарызы 4 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың банктер мен микрокредит­тік ұйымдар алдындағы қарызы 4,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы арнайы брифинг барысында Қаржы нарығын зерттеу және да­мыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.

«Бүгінгі күні 4,4 трлн сомаға 5,3 млн азаматтың банктік қа­рыздары және микрокредиттер бойынша берешегі бар. Сондай-ақ 26,2 мыңға тарта шағын және орта бизнес субьектілерінің қа­рызы 3,9 трлн теңге. 14 сәуірдегі жағдай бойынша 1,5 млн қарыз алушы және 12,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі қа­рыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтінім бер­ді», – деді О.Смоляков.
Айта кетейік, Президент тө­тенше жағдайға байланысты Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігіне бір­қатар жедел шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осыған орай елімізде шағын және орта кә­сіп­керлік субъектілерін жеңіл­дікпен кредиттеу бағдарламасы әзірленді.
«Барлық қарыз (микрокредит) бойынша төлемдердің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеуге тыйым са­лынды, сондай-ақ төлемдер мер­зімінің өтіп кетуі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұл­ға­лардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша сыйақы есептеуге ты­йым салынды. 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым ара­­лығындағы кезеңде банктік қарыз және микрокредит шарт­та­ры бойынша төлемдердің ­мер­­­­­зімін кейінге қалдыру ар­қылы жеке және заңды тұлға­ларға не­гізгі бо­рыш пен сыйақы төлеу тоқ­татыла тұрады», – деді О.Смоляков.
Аталған талаптар барлық екін­ші деңгейлі банктерге, лом­бард­тарды қоса алғанда, микроқар­жы­лық қызметті жүзеге асыратын ме­­ке­мелерге, онлайн-кредит беру ком­па­нияларына бірдей жүреді. Ал төлем­дерді кейінге қалдыру жеңіл­дігі жеке тұлғаларға, ха­лық­тың әлеу­меттік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алу­шыларға, жұ­мыс­сыз ре­тінде тір­келгендерге және қар­жылық қиын жағдайдағы өзге де аза­маттарға қарастырылып отыр.  

Дастан ДУМАНҰЛЫ