Лукашенко коронавирус темекі шегетіндер мен нашақорларға жақсы сабақ болатынын айтты
Лукашенко коронавирус темекі шегетіндер мен нашақорларға жақсы сабақ болатынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
2,173
оқылды
Белоруссияда 4 204 адам COVID-19 дертіне шалдыққан. Беларусь президентінің ресми сайтының хабарлауынша, Александр Лукашенко коронавирус пандемиясы нашақорлар мен темекі шегетіндерге жақсы сабақ болатынын айтты. Дереккөздің жазуынша, Лукашенко есірткінің заңсыз айналымы бойынша сотталғандарға рақымшылық жасауға арналған жиында осындай мәлімдеме жасады.

«Нашақорлар мен темекі шегетіндер үшін бұл – жақсы сабақ. Біз мұны олардың ауыр пневмонияға шалдығуынан байқап отырмыз. Коронавирус пневмонияны одан сайын асқындырады, – деді Александр Лукашенко.

Президент адамдар пандемиядан кейін нашақорлар мен темекі шегетіндер жаман әдетін тастап, салауатты өмір салтын ұстану керегін айтты.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 сәуірде бұл мемлекетте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 4 204 жағдайы тіркелген. 40 науқас қайтыс болған.