«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековтың бастамасымен Орталықтың ғалымдары ауылшаруашылық тауар өндірушілерге Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстары арқылы онлайн кеңес беріп отыр.
Биыл 30 наурыздан бастап ҰАҒББО Қазақ ұлттық аграрлық университетімен және егін және өсімдік шаруашылығы, мақта шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, күріш шаруашылығы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Нәтижесінде, 55 мыңнан астан астам шаруаға (47 184 адам, оған қосымша 6 740 адамды қамти отырып) егіс жұмыстары жөнінде 7 рет онлайн кеңес берді.
Сонымен, ҰАҒББО ғалымдарымен 2020 жылдың 15 сәуірінен 15 маусымы аралығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді толғандыратын мәселелер бойынша 229 кеңес өткізу жоспарланған.
[caption id="attachment_36386" align="alignnone" > Төлеутай Рақымбеков.
Фото: Интернеттен алынды[/caption]
«Көктемгі егіс жұмыстары кезінде фермерлерге қолдау көрсету өте маңызды. Осыған байланысты ҰАҒББО ғалымдары КЕЖ кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр. Төтенше жағдайға қарамастан, ғалымдар Қазақстанның барлық өңірлерінде онлайн кеңес беруді көздеп отыр. Бүгінде фермерлердің күрмеуі қиын мәселесі көп», – деді Төлеутай Рақымбеков.Онлайн кеңес беру барысында шаруалардың проблемасы шешілді. Ғалымдар фермерлердің дәнді, жем-шөп, көкөніс дақылдарын жоғары сұрыпты тұқымдармен қамтамасыз ету, шаруашылықтар аумағының агрохимиялық картограммаларын жасау және олардың құны, тыңайтқыштар енгізу (көлемі және саны), паразиттер мен ауруларға қарсы агрохимиялық іс-шаралар жүргізу, қолдан ұрықтандыру технологияларын енгізу, жайылымдардың жай-күйі және олардың тозуы, республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау бөктеріндегі жыртылған жерлердің тұздалған және эрозияланған топырақтарының ерекшеліктері және олардың құнарлылығын жақсарту жөніндегі шаралар мәселелеріне қатысты және көптеген т.б. сұрағына жауап берді. Айта кетейік, былтыр ҰАҒББО ғалымдары 610 кеңес өткізді. 1 036 ақпараттық-түсіндіру жұмысына 16 706 адам қатысқан.