Ережені балықшылар да бұза бастады
Ережені балықшылар да бұза бастады
127
оқылды
COVID-19 пандемиясының жайылуына байланысты Қазақстанда төтенше жағдайдың жарияланғанына да бір ай уақыт өтті. Өкінішке қарай, елде төтенше жағдай мен ка­рантин ережелерін сақтамайтындар әлі де кездеседі. Сәй­кесінше, карантин тәртібі күшейтілді. Жаза да қатаң­дады. Енді балконда ән айтып түнгі тыныштықты бұзсаңыз, ойын алаңына апарып балаңызды ойнатсаңыз немесе бүлдіршіндерді бақылаусыз далаға жіберсеңіз, айыппұл төлейсіз. Сонымен қатар тәртіпке бағынғысы келмей, полициямен қарсыласқан тұрғындар да қатаң жазаланады. Бүгінге дейін елордада төтен­ше жағдай режимін бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуни­кациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басты­ғы Ержан Сәденов айтты.
– Өкінішке қарай, кейбір аза­маттар айтылған ескертулерге құ­лақ аспай, карантин режимін бұ­зу­да. Түрлі құқықбұзушылық үшін полиция бөлімдеріне 2 838 адам жеткізілді. Оның ішінде 1 770 адам әкімшілік жауапкер­шілікке тар­тылды. Қамауға алын­ғандар – 166, айыппұл салын­ған­дар – 1 126, ескерту алғандар – 408 адам, ал сот қарауында 70 мате­риал бар. Әкім­діктің коммуналдық тұрағына 588 автокөлік қойылды. 36 жүр­гізуші мас күйінде ұсталып, жүр­гізуші құқығынан айырылды. 67 жаяу жүргіншіге айыппұл са­лынды, 135 адам әкімшілік қа­мау­ға алынды, – деді департамент басшысы.
Ол, сондай-ақ блок-бекеттер­дің шекарасын бұзғаны үшін 174 адам жауапқа тартылып,оның 124-і қамауға алынғанын атап өтті. Департамент басшысы аула­дағы ойын, спорт алаңында жүр­ген баланың ата-анасына да айыппұл салынатынын хабар­лады. Сон­дықтан барлық ата-ана­ға тәртіпке бағынуды, сақтық шараларын сақтауды ескертті.
– Балаларға ойын және спорт алаңында жүруге тыйым салын­ған. Әкімдікпен бірге барлық ба­лалар және спорт алаңын ар­найы лентамен қоршап қойдық. Ол жер­де спортпен айналысуға, ой­науға болмайтыны туралы арнау­лы белгі бар. Егер ойын алаңда­рында ата-аналар бала­ларымен бірге жүрсе, онда олар жауапқа тартылады, – деді Ержан Сәденов.
Қаланың бас полицейі аса қажет болмаса, үйден шықпау ке­регін қаперге салды. Сонымен қатар медициналық бетпердені тағу-тақпауға қатысты сұрақтарға да жауап беріп, карантин норма­сын түсіндірді. Егер адам ауырға­нын біле тұра бетперде тақпаса, онда бұл қылмыстық жауапкер­шілік болатынын тілге тиек етті. Бұдан бөлек, ол кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері жиі тіркеліп жатқанын, терезеден және балконнан ән ай­тып тыныштықты бұзғандар әкім­шілік жауапкершілікке тарты­латынын айтты. Ескертулерге құлақ асып, тәртіпке бағынғанымыз абзал. Әрі бұл бірінші ескерту емес. Бұған дейін де бірнеше ескертулер жасалды. Бірақ карантин норма­сын сақтамай, жазаланып жатқан­дарды жиі байқаймыз. Мұндай бас­бұзарлықтар мен тәртіп­сіз­дік­тер барлық аймақтарда да бар. Әсі­ресе көктем мезгілінде балық аулау­шылар, табиғат аясында дема­лушылардың қатары күрт көбейеді. Алайда, қазіргі уақытта төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты балық аулауға және табиғатта демалуға тыйым салын­ғанын ес­кергеніміз жөн. Өкі­ніш­тісі, ес­кертуді елемей отырғандар көп. Таяуда Алматыда полиция қызметкері мен бала серуендетіп жүрген ер адамның жанжалы әлеу­меттік желілерде жарияланды. Оқиға Медеу ауданындағы Қа­йырбеков пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Алматы қа­лалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қаланың ішін жаяу аралап жүрген патруль қызмет­керлері аулада жүрген үш адамды көреді. Олар полиция қызмет­керінің ескертуіне құлақ аспай, қарсылық танытқан. Учаскелік инспектордың әскери киімін жыртқан азаматтың іс-әрекетіне байланысты Қыл­мыстық кодекстің 379-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. 13 сәуір күні болған рейдтік шара кезінде карантин режимін бұзып, табиғат аясына шығып, балық аулаған елорда тұрғындары ұсталды. Нақтырақ айтар болсақ, полиция қызметкерлері Көктал-1 ауылындағы өзен жағасында уа­қыт өткізіп, карантин режимін бұзған 12 адамды қолға түсірді. Аудандық полиция басқармасына жеткізіл­гендердің үшеуі бір от­басы мү­шелері. Олар табиғат аясында демалыс ұйымдастырған.
«Өзен бойында ұсталған 12 адамның тоғызы – балықшылар. Олар тәртіпті бұзып, өзен жаға­сына барып, балық аулаған. Аза­маттарға 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайын­далды» деп жазылан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Жамбыл облысында да төтен­ше жағдай талаптарын бұзып, балық аулаған оннан астам азамат анықталды. Атап айтқанда, Жуа­лы ауданының Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында екі әуесқой ба­лықшы ұсталған. Осы секілді Шу өзенінде Мойынқұм ауданының үш тұрғы­ны төтенше жағдай ре­жимін бұз­ған. Ал Меркі ауданында тыйым салынған демалыс пен ба­лық аулау­дың сегіз фактісі тір­келіп отыр. Оларға қатаң ескерту жа­салып, 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың кө­беюіне байланысты Ішкі істер ми­­нистрлігі төтенше жағдай кезінде азаматтарды тәртіп сақ­тауға ша­қыруда. Министрліктің хабарла­уынша, ТЖ жарияланған сәттен бастап тәртіпті бұзғаны үшін әкім­шілік жауапкер­шілікке 5 130 адам тар­тылған. Оның ішінде 2 479 адам­ға айыппұл салынып, 1 626 адам қамауға алынған. Ішкі істер органдары коро­навирус туралы жалған ақпарат таратқандарды да жазасыз қал­дырмауда. Бүгінге дейін 80 іс бо­йынша сотқа дейінгі тергеу жүр­гізіліпті. Бәрінен әлем жұртшы­лығын әбігерге салған пандемия кезеңінде халық індетпен күресіп әлек болып жат­қанда, карантин тәртібін сақта­мағандар жұмысты одан әрмен ауырлатып, жағдайды қиындата түскені жанға батады.  

 width=Абылайхан ЖҰМАШ