42 500 теңге кімдерге берілмейді?
42 500 теңге кімдерге берілмейді?
Фото: Интернеттен алынды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 42 500 теңге төлемін тағайындау ережесіндегі өзгерістерді жариялады. Мәліметке сай, әлеуметтік төлемді мына азаматтар ала алмайды: – ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған); – Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек); – АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар; – екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса; – ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса; – басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар. 42 500 теңге төлемін тағайындау ережесіндегі өзгерістерге сәйкес әлеуметтік төлем келесі азаматтарға тағайындалады: – жалақысы сақталмай демалысқа шыққан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге; – карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар); – ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға; – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады. 1-ші және 2-тармақшалар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес. Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алғандардың тізімі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлім етті. Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Осы ретте, 42 500 теңге көмек қателесіп түскен азаматтарға ақшаны қайтару тетіктері ұсынылды. Бұдан бөлек, келіп түскен 5,9 млн өтінімнің 2,15 миллионы немесе 37 пайызы неліктен қанағаттандырылмағаны түсіндірілді. Айта кетейік, 16 сәуір, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, барлығы 3 млн 79 мың 960 адамға 42500 теңгеден төленді.