Жетісуда жол апаты азаймай тұр
Жетісуда жол апаты азаймай тұр
143
оқылды
Былтыр елімізде 11 500-ге жуық жол-көлік оқи­­ғасы тіркеліп, 15 мың­нан астам адам жара­қат алып, мың жарым жо­­лау­шы қайғылы қазаға ұшы­ра­ған. Жол-көлік оқиға­сының көшін Алматы қа­ласы бастап тұр. Мұн­дағы көрсеткіш – 3 429 болса, Алматы облысындағы оқиға саны 1 700-ге жет­кен. Осылай­ша, айдың-күннің аманын­да Алматы қаласы мен облысында  жол үстінде жүздеген адам жарақатта­нып, жүз­деген адам бақыт­сыз­дыққа ұшырауда. Жол-көлік оқиғасына түрлі жағдай әсер етеді. Алдымен жүргізушінің жол бо­йын­дағы жауапкершілігі өте жоға­ры болуы керегін ескерген жөн. Сонан соң, сапасыз жолдар­дың да жол оқиғасына себепкер болатынын күнделікті көріп жүр­міз. Мамандардың айтуынша, асфальт-бетон жамылғысы 16-20 жылға, цемент-бетон жа­мыл­ғысы 30-35 жылға дейін шыдамды болуы тиіс. Ал біздегі жағдай мүлдем басқаша. Бір рет жөнделген жолдың жыл сайын жамалып отыруына көзіміз әбден үйренген. Реті келіп тұрғанда айтсақ, жол­ға қажетті шикізаттың бар­лы­ғы өзімізде өндіріледі. 2013 жылы Ақтау қаласында битум за­уыты іске қосылып, ішкі қа­жет­­тілікті толық өтей баста­ды. Соған қарамастан еліміздің кей­бір жолдары неге талапқа сай емес деген ой кімді де болса ма­залайтыны анық. Бұған жа­уап­ты біз республикалық «Жол активтері ұлттық сапа орта­­лы­ғының» бас директоры Замир Сағыновтың 2019 жылдың ая­ғын­да «baq.kz» сайтының тіл­шісі Бек Төлеуовке берген сұх­ба­тынан тап­қандаймыз. Онда орталықтың басшысы былай дейді: «Өткен жылдың наурыз айында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» құрылды. Бізге республикалық маңызы бар жол­дардан бөлек, облыстық, аудан­дық және қала мен ауыл көшелерінің де сапасын тексеру құқығы берілді. Еліміз бойынша 270 адам жұмыс істейтін 17 филиал бар. Осы уақытқа дейін жол бойында жалпы саны 10 мың­нан астам тексеру жүргізіп, сы­нама үлгілерін алдық. Нәти­же­сінде, солардың 4500-і стан­дарттық талапқа сай кел­меді. Көбі жергілікті бюд­­жеттен бө­лін­ген қаржыға салынғандар. Біз­дің мекеме жылдар бойы қор­да­ланып қалған шаруаларды 1 жыл ішінде ретке келтіреді деп айта алмаймын. Десек те, үлкен жұмыс қолға алынды. Негізінен Қазақстан жолдарында 14 тонна­дан асатын жүк Камаз-ы жүр­меуі тиіс. Ал бізде өндірістік ка­рьер­ге арналған Қытайдың 30, тіп­ті 60 тонналық Камаз-ы қаптап жүр. Олардың саны бүгінде 80 мыңға жетті. Жолдардың 90 пайы­зын бұзатын осы ауыр жүк кө­­лік­тері». Әрине, себепсіз салдар жоқ. Орта­лықтың дабылынан соң ба, жыл басында жолға жауапты ми­нистр­лік ел аумағының кейбір же­рінде ауыр жүкті көліктің қаты­­­науына шектеу енгізгенін көп­шілік жақсы біледі. Ретіне қарай айтсақ, жолдың сапасын қадағалауда «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы облы­сының филиалы да өңір аумағында республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдардың сапалы әрі қауіпсіз болуы үшін бірқатар жұмысты орындады. Барлық атқарылған іс-шаралар талап­қа сай болуы үшін облыстық филиал тиісті мекемелермен заң­ды келісімшартқа отыруды жал­­ғастыруда. Жыл басынан Ал­­маты облысының жолаушы кө­лігі және автомобиль жолдары бас­­қармасымен жолдың сапасын ба­­қылауға келісім жасалды. Ке­ген ауданымен жасалған шарт бо­йынша 1 миллион теңге­нің жұ­­мысы атқарылды. Таяу­да «Алматы Дорстрой» ЖШС-мен келі­сімшартқа оты­рып, кө­пір­дің беріктігін тексеру жұ­мы­­сы аяқталды. Соны­мен қатар орта­лықтың жылжы­ма­лы жол зерт­ханасы да өзде­ріне жүк­телген жұмысты жауап­кер­ші­лік­­пен атқарып отыр. Олар авто­­­­­мобиль жолдарына ар­нал­­­­­ған диагностикалық зерт­ха­­­­на­­ның көмегімен А-3 «Ал­ма­ты – Өскемен» тасжолын ба­­қы­лаудан өткізуде. Тексеру кезін­де автомобиль жолдарының сапасы мен жай-күйі анықталып, геометриялық өлшем бірліктері, техникалық сипаттамасы нақ­ты көрсеткішпен белгіленді. Сон­дай-ақ «ҚазАвтоДор» меке­месі «Ремдорстрой» ЖШС-не тап­сырыс беруіне байланысты «Ремдорстрой» ЖШС өз өнімде­рін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы облыстық филиалының зертханасына сынама жасауға берді. Асфальт зауытының өнімдері тексеріліп, оның тығыздығы, суға төзімділігі, беріктігі сияқты басқа да сипат­тары талапқа сай болып шықты. Асфальт сынамасы барлық жа­ғы­нан дұрыс деп бағаланып, республикалық маңыздағы жол­ға пайдалануға болатыны жө­нін­де рұқсат берілді. Филиал ма­мандары Наурыз мерекесіне қа­рамастан Алматы – Үшқоңыр – Аққайнар – Қырғыз шекарасы авто­жолына бақылау жүргізіп, тексерді. Кемшіліктер тізбесі хаттамаға түсіріліп, ақауларды ретке келтіру үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен мердігер­лерге арнайы хат жолданды.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы