Бетперделер тегін таратылады
Бетперделер тегін таратылады
138
оқылды
Кеше Шымкент қаласына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті. Айта кетейік, төтенше жағ­­дай ке­зін­де халықтың әлсіз тобы­­на көмектесу бағытында құрылған Birgemiz қоғамдық қорына түс­кен қаржыдан бұдан бұрын да бір­­неше көмек түрі көрсетілген бо­ла­тын. Бұл жолы аталған қор­дың Қамқоршылық кеңесі елі­­міздегі үш мегаполистің, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­­кент қалалары тұрғын­да­­рының әлсіз тобына ме­ди­­­­циналық бетпердені тегін та­рату шешімін қабылдады. Осы бағыт­та Шымкент қаласына келіп жет­кен 1 миллион бетперде 20 мың отбасыға үлестірілмек. Осынау игі шараға Nur Otan пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы өкілдері  мен  Jas Otan Жас­тар қанаты мүшелері және еріктілер гуманитарлық авто­­­керуен­мен елді мекендерге жол­ға шықты. Қайнарбұлақ елді мекеніне аял­даған автокеруен алдымен жасы егде тартып қалған Галина апайға бір қорапта 50 данасы бар бетпердені Birgemiz қоғамдық қорының атынан тапсырды. Еріктілер егде жастағы қарияға үйден шықпауын, бетпердені жиі ауыстырып тұруын өтінді. Ал Галина Николаевна қаладағы карантин жағдайына қарамастан осындай игі іске атсалысып жүр­ген  ерікті жастарға,Nur Otan партиясының мұндай қамқор­лығына ризашылығын білдірді. Қайырымдылықтың басы-қасында жүр­ген еріктілерден құралған «Ізгі­лікте жарысайық» қоғамдық қо­ры­­ның менеджері Асхат Мәу­ленов бұл шара еліміз­дегі төтенше жағдайға байланысты ін­деттің алдын алу мақсатында Nur Otan партиясының ұйымдас­ты­руымен өтіп жатқанын атап өтті. «Біз дәл осындай қорабында 50 данасы бар бетпердені Шым­кент қаласындағы 20 мың от­ба­сына таратып шығамыз. Қа­ла­мызда құрылған ерікті жас­тар тобы осындай қиын сәт­ке қа­ра­­мастан үйлерінен шы­ғып, мұн­дай игі шараларға белсен­ді­лік танытып, атсалысып жүр», – деді ол.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы