2 миллион теңге төлеу үшін коронавирусқа шалдыққан дәрігерлердің жұмысын комиссия тексереді
2 миллион теңге төлеу үшін коронавирусқа шалдыққан дәрігерлердің жұмысын комиссия тексереді
Фото: Интернеттен алынды
2,167
оқылды
Бүгін онлайн брифингте Алматы қалалық орталық ауруханасында жұмыс істеген дәрігерлерге 2 миллион теңге төлеу мәселесі айтылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев: «Бірінші мемлекеттік комиссия Алматы қалалық орталық ауруханасындағы жағдайды карантиннен соң зерттейді. Дәрігерлер қорғаныш киімдерін дұрыс киді ме, сақтық шараларын ережелерін сақтағаны тексеріледі. Содан кейін қаулы негізінде инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмыс істеген медицина қызметкерлері 2 миллион теңге мөлшерінде өтемақы алуы тиіс. Комиссия шешіміне сәйкес, өз міндетін атқарып жатқан мамандардың барлығы өтемақы алуы керек деп ойлаймын», – деді басқарма басшысы. Алматы қаласында вирусты тағы 63 адам жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде 2004 жылы туған бала да бар. Коронавирусқа шалдыққандардың қатарында: Орталық қалалық аурухананың 10 медицина қызметкері, ЖРВИ белгілері бар стационардың 2 қызметкері, Жедел медициналық көмек қызметінің бір қызметкері, №7 Қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 емхананың 2 қызметкері, Көпбейінді клиникалық аурухананың 2 қызметкері бар. Қазір олардың барлығы оқшаулауға алынған, олармен 44 адам байланыста болған. Алматы қаласында коронавирустан барлығы 392 пациент емделіп жатыр. Оның біреуінің жағдайы мүшкіл. Төртеуінікі – ауыр, 92 ‒ орташа ауыр, 295 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Айта кетейік, медицина қызметкерлері вирусқа шалдыққан аурухана 14 күнге карантинге жабылған.