Қазақстан студенті топ жарды
Қазақстан студенті топ жарды
221
оқылды
Пандемия салдарынан әлем бір орында тұрғандай әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ олай емес. Білім мен ғылым, ки­ноин­­дустрия жобаларын іске асырып, жабық марапаттау сал­та­натын өткізіп жатыр. Мәселен, 9 елдің 1 200 зерттеу­шісі қатысқан «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жоба­сында қазақстандық студент жеңімпаз атанды. Еуразия ұлттық универ­ситетінің 4-курс студенті Камила Егізбек аталған бәсекеде топ жарған. Университет хабар­ламасында «Оның адамзатқа энер­гияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін перовскиттік наноқұрылымдардың қасиет­терін зерттеудегі ғылыми зерт­теу жұмысы ерекше бағаға ие бол­ған. Бұл өз кезегінде технология­лар­дың өнеркәсіптік дамуына үлкен үлес қосады», – деп жазылған. «Үздік жас ғалым – 2020» жобасына Өзбекстан, Тә­жікстан, Беларусь, Ресей, Қыр­ғыз Респуб­ликасы, Украина, Моң­ғолия мен Түркиядан үміткерлер өтінім берді.  

А.ЖОЛДАС