Пандемия салдарынан әлем бір орында тұрғандай әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ олай емес. Білім мен ғылым, киноиндустрия жобаларын іске асырып, жабық марапаттау салтанатын өткізіп жатыр. Мәселен, 9 елдің 1 200 зерттеушісі қатысқан «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жобасында қазақстандық студент жеңімпаз атанды. Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті Камила Егізбек аталған бәсекеде топ жарған. Университет хабарламасында «Оның адамзатқа энергияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін перовскиттік наноқұрылымдардың қасиеттерін зерттеудегі ғылыми зерттеу жұмысы ерекше бағаға ие болған. Бұл өз кезегінде технологиялардың өнеркәсіптік дамуына үлкен үлес қосады», – деп жазылған. «Үздік жас ғалым – 2020» жобасына Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы, Украина, Моңғолия мен Түркиядан үміткерлер өтінім берді.
А.ЖОЛДАС