Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді
Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді
Мәдениет және спорт министрлігі #ONLAIN-da bol жобасы аясында басталған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курсын жалғастырып жатыр. Курсты Тіл саясаты коми­тетінің тапсырысымен «Шай­сұлтан Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-прак­тикалық орталығы» ұйымдас­тырып отыр. Жалпы, бұл курс өңір­лік Тіл­дерді дамыту басқарма­ларының басшылары, тіл орталықтарының директорлары, әдіскерлер, оқыту­шылар, магистранттар мен док­торанттарға арналған. Ал 16 сәуір күні өткен курста мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктері, латын графикасына көшу үдерісі, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар мен жаңа ақ­параттық технологиялар жетіс­тіктерін қолдану жолдары тал­қы­ланды. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту үде­рісіндегі негізгі бағыт­тар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталық­тарының әлеуетін арттыру мәселесі талқыланып, терминдер қалыптастыру мен ономастикалық атауларды же­тілдіру бағыттары туралы пікір алмасты. Қазір орталық күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Курс барысында да осы мәселе кеңінен талқыланды.  

А.ЖОЛДАС