Мәдениет және спорт министрлігі #ONLAIN-da bol жобасы аясында басталған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында онлайн курсын жалғастырып жатыр. Курсты Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ұйымдастырып отыр. Жалпы, бұл курс өңірлік Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тіл орталықтарының директорлары, әдіскерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға арналған. Ал 16 сәуір күні өткен курста мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктері, латын графикасына көшу үдерісі, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар мен жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдану жолдары талқыланды. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру мәселесі талқыланып, терминдер қалыптастыру мен ономастикалық атауларды жетілдіру бағыттары туралы пікір алмасты. Қазір орталық күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Курс барысында да осы мәселе кеңінен талқыланды.
А.ЖОЛДАС