500 теңге айналымнан шығады
500 теңге айналымнан шығады
666
оқылды
Қазақстанның Ұлттық банкі биыл 10 маусымнан бастап 500 теңгенің жарам­сыз болатынын хабарлады. Енді 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттың ескісі қажетсіз. Қазір оны екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банкте жаңасына ауыстырып алуға болады. Әзірге ол банкноттар жаңа­сымен бірге айналымда жүр. Ол – заңды төлем құралы. Қазақстанның барлық аума­ғында төлемдер мен ақша ауда­рымдары үшін қабылдануы тиіс. 10 маусымнан бастап, барлық төлем құралдарынан 500 теңгенің ескісі қабылданбайды. Тіпті, ав­то­­маттар да ескі ақшаны қа­был­­­­дамайтын болады. Ескі банк­­­­нот­тарды ауыстырмай жұм­саса, Қа­зақстанның Әкімші­лік құ­қық­бұзушылық туралы ко­дексінің 206-бабын бұзғаны болып са­на­лады.  

Анар ҚОНЫС