Қазақстанның Ұлттық банкі биыл 10 маусымнан бастап 500 теңгенің жарамсыз болатынын хабарлады. Енді 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттың ескісі қажетсіз. Қазір оны екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банкте жаңасына ауыстырып алуға болады. Әзірге ол банкноттар жаңасымен бірге айналымда жүр. Ол – заңды төлем құралы. Қазақстанның барлық аумағында төлемдер мен ақша аударымдары үшін қабылдануы тиіс. 10 маусымнан бастап, барлық төлем құралдарынан 500 теңгенің ескісі қабылданбайды. Тіпті, автоматтар да ескі ақшаны қабылдамайтын болады. Ескі банкноттарды ауыстырмай жұмсаса, Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзғаны болып саналады.
Анар ҚОНЫС