«Болашақтан» былық шықты
«Болашақтан» былық шықты
Фото: Интернеттен алынды
218
оқылды
«Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан студенттердің есебі тексеріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің есебіндегі айырмашылыққа байланысты тексеріс жүргізеді. Себебі бағдарламаға қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. 2016 жылдан бастап орталықтың қаржылық есебін тексеру барысында дәлелдердің жоқтығы белгілі болған. «Болашақ» стипендиясының иегерлері туралы толыққанды мәліметтердегі сәйкессіздіктер анықталған. Атап айтқанда, «1С-Бухгалтерия» және «Е-Болашақ» тәуелсіз ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерде айырмашылықтар бар. Мәселен, әр жылдары стипендия иегерлері туралы мәліметтерде адам санына қатысты 68-ден 214-ке дейін әртүрлі деректер көрсетілген. Сондықтан осы факті бойынша агенттік тексеріс жүргізеді.