Apple жаңа өнімін таныстырды
Apple жаңа өнімін таныстырды
121
оқылды
Apple бағасы арзандау жаңа смартфонын нарыққа шығарады. Жаңа өнімнің атауы – iPhone SE. Смартфон дизайны осыған дейін шыққан IPhone 8-ге ұқсайды. Apple өнімдерінің бағасын кез келгеннің қалтасы көтермейді. Ком­­пания жаңа өнімін ұсынғанда міндетті түрде сауалнама жариялайды. Көпшілігі смартфон бағасы жайында шағымданатын-ды. Осының бәрін ескере келе, компания iPhone SE смартфонын таныстырды. Иә, қалта телефонының бағасы шамамен 399 доллар. Смартфон 4,7 дюймді Retina дис­плейімен және 12 мегапиксель камерамен жабдықталған. Экранда батырмасы және Touch ID саусақ сканері бар. Естеріңізде болса, ком­пания iPhone 10 және iPhone 11 смарт­фондарын экрандағы батырмасыз шығарған еді. Жаңа iPhone SE про­цес­соры соңғы iPhone 11 Pro-ға ұқсайды. Яғни, смартфонда A13 Bionic процессоры бар. Айта кетерлігі, гаджеттің құры­лымы IPhone 8 смартфонымен бірдей. Батарея қуаты да шамалас. Сондай-ақ оны сымсыз адаптер арқылы да қуаттауға болады. Қуантарлығы, iPhone SE-ге жаңа екі sim-карта сала аласыз. Жадына келсек, үш түрі бар – 64, 128 және 256 гигабайт. Сатылымға қара, ақ және қызыл түсте шығады.  

А.АЙДАРҚЫЗЫ