"COVID-19 пандемиясы жаһандық құлдырауды бастады. Бұл адамдардың табысына кері әсер етіп жатыр. Жағдайы нашар отбасылар дұрыс тамақтана алмай отыр, ал бұл балалардың денсаулығына кесірін тигізеді", - деді Антониу Гутерреш.
Бас хатшы пандемия салдарынан әлемде барлық мектеп қашықтан оқып жатқанын атап өтті. БҰҰ есебіне сәйкес, әлемде 310 миллион бала үшін мектеп - күнделікті тамақтану көзі.
"Кей елде қызылша мен полиомиелитке қарсы екпе тоқтап қалды. Ауруханаларда орын болмағандықтан, балалар уақтылы емделе алмай қайтыс болып жатыр", - деді Гуттереш.
Бас хатшының айтуынша, үкіметтер қазір осы қауіптерге байланысты қимылға көшу керек, әйтпесе, әлем жүз мыңдаған баладан айырылып қалады.