Коронавирустың қандай температурaда жойылатыны белгілі болды
Коронавирустың қандай температурaда жойылатыны белгілі болды
162
оқылды
Францияның Экс-Марсель университетінің ғалымдары коронавирус қандай температурада жойылатынын анықтады, - деп жазады ktk.kz. Эксперимент барысында коронавирус штаммын стерилді шыны түтікке және биоматериал салынған түтікке салады. Осыдан кейін екі үлгіні де 60 цельси градуста бір сағат көлемінде қыздырады. Нәтижесінде стерилді емес түтіктегі вирус өлмей, тарауға қабілетті болған. Инфекция тудырушыларды толығымен заласыздандыру үшін оны 92 градусқа дейін 15 минут қыздыру қажет болған.