Шымкентте бір отбасының 9 мүшесі коронавирустан сауықты
Шымкентте бір отбасының 9 мүшесі коронавирустан сауықты
© inform.kz
95
оқылды
Шымкентте коронавируске шалдыққан бір отбасынан 9 мүшесі жазылып, үйіне шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгул Бекбауова айтты. Айгул Бекбауованың айтуынша, қауіпті індеттен сауыққан отбасы мүшелерінің арасында екі бала болған. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетіп, дәрігерлері денсаулықтары жақсы деген қортындыға келді. Яғни, науқастар медициналық қызметкерлердің уақтылы көмек көрсетуінің арқасында жазылып шыққан. Осыған байланысты қаладағы Тайманов, Төреқұлов пен Мақталы көшелері карантиннен шығарылды.