Өшпес ерлікке тағзым
Өшпес ерлікке тағзым
© Сурет интернеттен алынды
Ұлы Отан соғысында көзге түскен сарбаздар ғана емес, танкшілер де бар. ерекше көзге түсті. Әсіресе, жоғары сыныпты танкшы Жұмаш Рахметов атауға болады. Өзі 1919 жылы Қарағанды облысының Қарсақпай ауданының 6-ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Сызран танк мектебін бітірген ол  гвардияның аға лейтенанты,  1-гвардиялық танк-бригадасының 1-ші танк батальонының Т-34 ротасының командирі болды. [caption id="attachment_36605" align="alignleft" width="431"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Бір өзі жаудың 11 танкісін жойған. 1942 жылдың шілдесінде Брянск майданындағы шайқаста қарулы шабуылға қатысқан. Сол кезде аға лейтенант қарсыластың Рубцов-Кавьер бекітілген торабының ату жүйесін анықтап, 5 ату дзоты мен 2 неміс ауыр қаруын жойды. 30-ға тарта фашисті оқпен және шынжыр табанға басып өлтірді. Бір неміс зеңбірегі мен бақылаудағы жауды тұтқынға алып, штабқа жеткізген. Оның жасаған ерлігін тізіп жазсақ та, санап бітпейміз.  Сондықтан ел аузында жүрген батылдығына құлақдар болайық. Мәселен, 1942 жылдың 26-28 қарашасында Савино-Толкачи-Михеево ауданындағы қарсыластың қорғанысын жарып өткен.  Екі Т-34 техникасын басқарған Жұмаш Рахметов шебер және шешуші әрекеттерімен жаудың қарсылығына тойтарыс берді. 30-дан астам дзоттар мен блиндаждарды, 4 қару мен 60-ға жуық гитлершіні жойды. 1942 жылғы 1 желтоқсанда Жаңа Бояршина ауылының түбінде ол екі танкімен әрекет ете отырып, орманның арасымен өтіп, ауылдың жолын жауып тұрған неміс бекінісін құртты. Ол 12 дзотты қиратып, 80-ге жуық немісті жойып, 3 миномет, 5 пулемет, бірнеше автоматпен телефон аппараттарын басып алды. [caption id="attachment_36606" align="alignright" width="437"]соғыс © Сурет интернеттен алынды.[/caption] 1942 жылғы 24 желтоқсандағы Вереиста кенті үшін болған соңғы шайқасында гвардия аға лейтенанты Жұмаш Рахметов тағы да өз шеберлігі мен батылдығын көрсетті. Ол күтпеген жерден жауды шабуылдап, оны ысырып тастады. 2 неміс орта танкін, 2 қаруды, 7 пулеметтік пункті және 60-қа жуық жауды атып түсірді. Сол кезде қарсыластың снаряды тікелей тиюінен ол ауыр жараланып, қайтыс болды. Жауынгерлік батылдығы мен қаһармандығы үшін гвардия аға лейтенанты Жұмаш Рахметов Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылғанмен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.