Нұр-Сұлтанда масамен күрес жүріп жатыр
Нұр-Сұлтанда масамен күрес жүріп жатыр
321
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының барлық ауданында сәуір мен қыркүйек айларының арасында дезинсекция және дератизация жұмыстары басталды. Бұл жөнінде елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы ауданында қызмет көрсететін ұйымдар көппәтерлі тұрғын үй қорының жертөлелерін өңдеу және шарттар жасасып жатыр.  Бүгіндері  таяз су қоймаларын өңдеудің 1-ші кезеңі аяқталып, 3455 гектар алаңда ашық стациялар өңделді. Сары масалар   арамшөптердің арасында көбейеді. Сондықтан биыл  80 гектар алқапта өсімдіктерді шабу жоспарланған.  6987 жеке үйде дератизация жүргізіледі.  

Байқоңыр ауданы аумағында дезинсекцияланатын ашық стациялардың алаңы 2399 гектарды құрайды. 16 сәуірде ашық және жабық стацияларды өңдеу жұмыстары басталды.  111 ПИК-тен 104 қызмет көрсету ұйымы (95%) дератизация шартын жасасты.

 Есіл ауданы  әкімдігі дезинсекция аясында ашық стацияларда, масалар мен жөкелерге қарсы таяз су қоймаларын өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Есіл ауданында барлығы 8 714,45 гектар ашық стация дератизация мен дезинсекциялаудан өтуі тиіс. Ауданда дезинсекция жөнінде 63 ПИК шарт жасалып, 41 ПИК өңделді.   

Сарыарқа ауданы 24 сәуірден 1 мамырға дейін 121,5 гектар аумақта масаның дернәсілдік нысандарынан су қоймаларын өңдеу жұмыстары жүргізілді. 8 мамырда қосымша 30 су қоймасы өңделді. Бүгінгі таңда 12 жоспарланған алаңның 3 телімі өңделді.