Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. «Ақтөбе қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сәйкес, Жангелді Әубәкіров 16 сәуірден бастап 15 маусымға дейін Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Айта кетейік, Жангелді Әубәкіров 2019 жылы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.