Шулы видеодан кейін Алматы криминалды полиция басшысы жұмыстан кетті
Шулы видеодан кейін Алматы криминалды полиция басшысы жұмыстан кетті
Қызметтік тексерістен кейін Алматы Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанобат Зиадин жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы блок-бекеттерден аталған кортеждің кедергісіз өту дерегіне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Оған қатысқан Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин жұмысынан шеттетілді. Бұл дерекке принципалды баға берілетін болады, - деді Алматы ПД-нің басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов. Айта кетсек, бұған дейін желіде бір топ адам мінген қымбат автокөліктің қала ішін шарлап жүрген ролигі тараған еді. Олар тойға бару үшін Алматы блок-бекетінен еш кедергісіз өтіп кетеді. Бейне жазбаның авторы әрі сол топтың мүшесі роликті әлеуметтік желідегі өз парақшасына жариялаған. Ол видео жарияланған парақша қазір жоқ. Кейін желіде блок-бекеттен кедергісіз өткен көлік туралы мәлімет тарады. Онда көшеде алшаң басып жүргендер Алматы облысы ПД-нің туыстары екені және Күдебаевтың немересінің туған күніне орай ұйымдастырылған Алматыдағы тойға барғаны айтылады. Дегенмен полиция бұл мәліметті растамады.