Тоқаев: Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақы айырмашылығына жол бермеуіміз керек
Тоқаев: Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақы айырмашылығына жол бермеуіміз керек
165
оқылды
Қазақстанда 200-ден астам кәсіпорын шетелдік жұмыс күшін тартумен жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев жалақы айырмашылығына жол бермеу керек деп санайды, – деп хабарлайды zakon.kz. «Шетелдіктер мен қазақстандықтар арасындағы жалақы айырмашылығына жол бермеу керек», – деп тапсырды Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір 200-ден астам кәсіпорын шетелдік жұмысшылармен жұмыс істейді. «Қазақстандық жұмысшылардың үлесі 90% -дан асады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, 96 кәсіпорында тексеру жүргіздік. Нәтижесінде заң бұзушылық анықталды. Жалпы, Бас прокуратурамен бірге біз 500-ден астам азаматты анықтадық (Қазақстан Республикасында заңсыз жұмыс істейтіндер - авт). Былтырғы жылмен салыстырғанда біз квоталар санын 40% қысқарттық, ал шетелдік қызметкерлер санын 29 мыңға азайттық. Бүгін біз Мәжіліске енгізілген актілерге өзгерістер енгізу туралы құжаттар дайындадық. Біз шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың алдына бір шарт қойдық, ол – қазақстандықтарды оқыту», – деді вице-премьер.