Димаштың концертіне билеттерді сатып жүрген алаяқтар көбейіп кетті! Бұл туралы @Dimash_arnau ресми парақшасында хабарланды.
Жалған билеттерді жеке тұлғалар сатады және жарнамаларды тегін сайттарға, атап айтқанда OLX-қа орналастырады. Билеттерді осы жолмен сатып алған көрермендер концертке кіре алмайды. Концертті ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді кассалардан немесе ресми сайттардан - zakazbiletov.kz және biletiastana.kz сатып алуға шақырады.