Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді
Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді
© Сурет СІМ баспасөз қызметінен
207
оқылды
Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1000 дана медициналық тестін сыйға алды. Осыған дейін де Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында Оңтүстік Корея елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдаған болатын. [caption id="attachment_36732" align="alignnone" width="1280"]Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді © Сурет СІМ баспасөз қызметінен[/caption] Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді.