Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды. 2020 жылғы 17 сәуірде 48 және 49 жастағы Жітіқара қаласының тұрғындарында COVID-19 диагнозы расталды. Ер адамның біреуінде карантинге алынған азаматтарды тексеру кезінде расталды. Екіншісінде бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болғаннан туындады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы 17.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелген. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.