Коронавирус жұқтырғандар саны әлем бойынша да артып келеді
Коронавирус жұқтырғандар саны әлем бойынша да артып келеді
© Сурет ғаламтордан
279
оқылды
Ұлыбританияда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 599 адам анықталды Коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны — 108 692. Жақында COVID-19 вирусынан 847 адам көз жұмды. Барлығы 14 576 адамның қайтыс болғаны анықталды. Түркияда тағы 4 353 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді Бұл елде барлығы 78 546 адам вирусты жұқтырған. Жақында тағы 126 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Жалпы коронавирустың салдарынан 1 769 адам көз жұмған Иранда коронавирусты жұқтырған тағы 1 499 адам анықталды Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 79 494-ті құрап отыр. COVID-19-дан жақында 89 науқас көз жұмды. Өлім-жітім саны 4 958-ге жетті. Испанияда бір тәулікте 3 120 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды Бұл вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 188 068-ге жетті. Сонымен қатар COVID-19-дан жақында 163 адам көз жұмды. Испанияда коронавирустың кесірінен барлығы 19 478 адам қайтыс болды.