Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған азамат Ресейде жұмыс істеген
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған азамат Ресейде жұмыс істеген
© Сурет ғаламтордан
2,166
оқылды
Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат (17.04.2020 ж. мәлімет бойынша) Ағзасынан коронавирус инфекциясы табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны. «Тасқала» бекетінде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде, азаматтың денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. ПТР диагностикалық зерттеуінің қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.