Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов өз еркімен қызметінен кетті,-деп хабарлайды аталған басқарманың баспасөз қызметі. Бұл жұмысқа дейін ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық бөлімі директоры болған. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін Гүлнафис Танбаева уақытша атқаруда. Байтолла Ғазизов денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2019 жылы 30 желтоқсанда тағайындалды. Бұған дейін ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеді.