Енді фермерлер блокпосттардан кедергісіз өтетін болды

Енді фермерлер блокпосттардан кедергісіз өтетін болды

Қазақстандық фермерлер барлық құжаттары болған жағдайда блокпосттардан еш кедергісіз өте алады. Тиісті өзгерту Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі қаулысына енгізілді. Қаулының 1-тармағының 14-тармақшасы енді мынадай редакцияда жазылған: «Облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнына анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде ара шаруашылығында тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді қаулы етемін», – делінген құжатта. Қаулы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.