Қазақстанда жылына 20 мың жұп бедеулікке ұшырайды

Қазақстанда жылына 20 мың жұп бедеулікке ұшырайды

  Қазақстан үшін бедеулік мәселесі маңызды, себебі жыл сайын шамамен 20 мың жұп бедеулікке шалдығады. Оның ішінде шамамен 8 мың жұп қосымша репродуктивтік технологияларға яғни экстракорпоральді ұрықтандыруға (ЭКО) мұқтаж. Бұл басқа әдістердің көмегімен жүктілікке қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Жалпы, Қазақстанда бедеулікке шалдыққан некелер жиілігі – 15 пайыз. ДСҰ мұндай деңгейді мемлекеттік проблема деп санайды. Себебі бұл халықтың демографиялық көрсеткішіне кері әсер етеді. 1995 жылғы 18 сәуірде Қазақстанда бедеулікті емдейтін алғашқы экстракорпоральді ұрықтану зертханасы – «Экомед» клиникасы ашылды. Жарты ғасырда біраз балаға өмір сыйлаған Қазақстандағы ЭКО әдісінің енгізілгеніне бүгін 25 жыл толды.