Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Жамбылдықтар 42 500 теңгені кері қайтара бастады

«Айқын» ақпарат
Сәуір 18, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Жамбылдықтар 42 500 теңгені кері қайтара бастады

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем төңірегіндегі тартыс қыза түсті. Бұған дейін белгіленген межелер сызбасы сызылып, күні кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа қаулыға қол қойды. Бұл құжат әлеуметтік төлемге қатысты сауалдарды саябырсытады деп күтілген. Алайда артынша әлеуметтік желілерде  «заңсыз тө­лемақы алғандар 4 000 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, 4 жыл бас бостандығынан айырылады» деген жазба желдей есіп, бұқараны үрей құшағына бүркеп қойды. Айыппұл мен абақ­тыдан қорыққан қара халық  тіпті «42 500 теңгесі құрысын» деп кері қайтаруды бастады.

Негізі, заңсыз төлемақы алуға қа­­тысты жазаның ресми көзі жоқ. Бі­реулер Uchet.kz сайтындағы де­рек­­­ке сүйенсе, екіншілер Zakon.kz сайтындағы заңсыз әлеуметтік тө­лем алғандарға қаралатын жаза ту­ралы ақпаратты алға тартты. Екі сайттың алғашқысындағы ақ­пар жұрттың жүрегін кәдімгідей шай­лықтырып қойды. Uchet.kz сайты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1 және 2-тармақтарын келтіріп:

«Бірінші бап бойынша өзгенің мүл­кін жымқырған және алдау мен сенімін пайдалану арқылы өз­­­­генің мүлкіне ие болған адамдар 1 000 АЕК көлемінде айыппұл тө­­лейді немесе 2 жылға дейін бас бос­тандығынан айырылады. Ал бір топ адам жасаған алаяқтық 4 000 АЕК көлеміндегі айыппұл не­месе 4 жыл бас бостандығынан айы­рылу жазасына кесілуі мүмкін» деп жазды. Осыдан қорытынды жа­са­ған Uchet.kz порталы «азаматтар не­месе жұмыс беруші уәкілетті ор­ганға дұрыс ақпарат бермей, сол арқылы жәрдемақы төлеген бол­са, бұл әрекет қылмыстық жауап­кершілікке апаратын алаяқтық ба­бы ретінде қаралады» деп тағы ше­гелей түсті.

Карантинге байланысты 42 500 теңге тағы да төлене ме?

Мемлекет көпбалалы аналарға қанша ақша жұмсады?

Зейнетақы төлеу тәртібі тағы өзгерді. Жаңа ереже қандай?

Әлеуметтік желілердегі осын­дай ақпараттардан кейін бір­­­қа­тар жамбылдық 42 500 тең­ге­ні кері қайтара бастады. Бұл жайын­да «Мемлекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қоры» АҚ-ның Жамбыл об­лысы бойынша филиалының ди­ректоры Нұрахмет Искаков облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ANTIKOR ORTALYGY алаңында мәлім етті.

– Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 180 мыңнан аса адам 42 500 теңге алуға өтініш берді. 120 мың адамның өтініші құжатының дұ­рыс болмауына байланысты кері қайтарылып, қалғаны мақұл­дан­ды. 10 мың адамның өтініші қа­ралу үстінде.

Негізі, көптеген адам өтініш беру мен әлеуметтік төлем алудың заң­дылықтарын түсінбеген. Сол себепті өтініштің дені қанағат­тан­дыру­сыз қалдырылып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тарап жат­қан ақпаратты көрдім. Алайда 42 500 теңгені ала алмай жүрген адам ертең заң күшіне енсе 4 000 АЕК көлеміндегі айыппұлды тө­лей алады деп ойламаймын. Сон­дықтан табысы жоғалмаған аза­маттар тәуекелге бармай, әлеу­­­меттік төлем алуға құжатын жол­дамауы керек. Бұл біздің де жұмысымызды жеңілдетеді. Ал егер 42 500 теңгені кері қай­та­ра­мын дегендер болса, Kaspi және «Ха­лық» банктерінде көрсетілген нұс­қау бойынша төлемді кері жі­бере алады. Әзірге заңсыз тө­лем алғандарға ешқандай жаза қол­данылмайды. Тек төлемін қайтарса болғаны. Бүгіннің өзінде мұндай құқықты 2 азамат қолданып, төлемдерін қайтарып берді.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрі Біржан Нұрым­бетов 42 500 теңгеге құжат тап­сыруды әркімнің ар-намысына қал­дырды. Алайда министр тиіс­ті тексеріс те болатынын ескерт­ті. Сондықтан кеш болмай тұр­ған­д­а, заңсыз әлеуметтік төлем ал­­­ғандардың соманы кері қай­тар­ғандары жөн. Бұл – олардың өз­дері үшін дұрыс шешім, – деген фи­лиал директоры баршаны заң мен тәртіпке бағынуға шақырды.

Нұрахмет Сейдахметұлының бұл мәлімдемесінен кейін әлеу­мет­тік желілерде қаржысын ке­рі қайтаруға ниеттілердің алғаш­қы легі байқалды. Гүлшат Манам­бе­кова есімді тұрғын «Жұмыс істей жү­ріп 42 500 теңгеге өтініш беріп кө­ріп едім, ол ақша түсіп тұр. Соны бір­ден қайтарса бола ма? Келесі ай­да тағы түспес үшін өтінішті қа­лай қайтарып алса болады? Қай­тарған адам жауапкершілікке тартылмай ма?» деп филиал директорына сауалын жолдады. Осы сияқты өзге де WhatsApp мес­сенджеріндегі топ пен әлеуметтік же­лілерде әлеуметтік төлемді қай­тару, қайтармау туралы әңгіме қы­за түсті.

Ал бейсенбі күні Еңбек және халықты әллеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі парақшасында 42 500 теңге үшін ешкім сотталм­ай­ты­нын айтып, көптің уайымын басқандай болды. Бірақ министр сөзінің соңында: «Біраз заңгер алаяқтық үшін қыл­мыстық жауапкершілік бар еке­ні туралы мақала, пост жазуда. Оны 42 500 теңгеге қатыстырып кел­тірген. Заңгер болған соң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты» деп аяқтады. Сонда министр меңзеп тұрған алаяқ­тар кімдер? Егер ақиқатқа ашық қарайтын болсақ, жалған ақпарат пен өтірік құжат өткізіп, ақша алғандар алаяққа жатпай ма? Демек, министр бұқараны басу үшін әзірге «ешкім сотталмайды» деп, кейін бәрібір тексеріс бола­тынын астарлап жеткізіп отыр ма? Енді оны министр Біржан Нұрым­бетовтің өзі білер. Ал жамбыл­дықтар министрдің жасаған мә­­лімдемесінен кейін тағы екіұ­дай пікірде болып қалғаны анық. Бұл 42 500 теңгені кері қай­тару­шылардың санын көбейте ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

 

 

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 

 

 
ID: 0
Тегтер: 42 500 теңгеәлеуметтік төлемБіржан Нұрымбетов
Алдыңғы жаңалық

Карантиндегі әлем қазақтары

Келесі жаңалық

Оңтүстік Кореяда коронавирустан жазылып шыққандар дертке қайта шалдығып жатыр  

Ұқсас жаңалықтар

Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси
Жаңалықтар

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат
Nur Otan

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021
несие
Жаңалықтар

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 17:31

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 15:56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»