Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Өнеркәсіптік  қауіпсіздік мәселелері талқыланды
188
оқылды

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шараны Мәжіліс депутаты, «Өнеркәсіптік даму» бағыты бойынша партия кураторы Аманжан Жамалов жүргізді.

Басқосуда «Өнеркәсіптік даму» бағыты бойынша Ин­дустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Аманияз Ер­жа­нов пен «Атамекен» Ұлттық ­кә­­сіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары ­Ев­гений Больгерт баяндама жасады.

Индустрия және жаңа техно­логиялар вице-министрі Аманияз Ержанов заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс бары­сында «Азаматтық құқық тура­лы» заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы 300-ге жуық ұсыныс келіп түскенін жеткізді. Ол сондай-ақ, толық талқылау үшін заң жобасы ми­нистрліктің ресми интернет-ресурсында арнайы бөлімде орналастырылатынын, онда кез келген адам өз пікірі мен ұсы­нысын қалдыра алатынын жеткізді.

– Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы барлық қауіпті өндірістік объектілерде ішкі ба­қылауды жүзеге асыратын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талап­тарының орындалуын қамта­масыз ететін инженерлік-тех­никалық мамандардан тұратын өндірістік бақылау қызметі бар. Осыған байланысты өнеркә­сіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өндірістік бақы­лауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды тұлғаларына жұмыс орнынан шығуды тоқтатуға өкі­леттігі бар өнеркәсіптік қауіп­сіздіктің жай-күйін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу құқығы ұсынылады, – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік әзірлеген заң жоба­ларын ақпараттық қолдау жө­ніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2019 жыл­дың 3 сәуірінде мүдделі мем­лекеттік органдардың, бизнес қоғамдастықтың, азаматтық қоғамның және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысқан Қазақстанның заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

Өз кезегінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орын­басары Евгений Больгерт әкім­шілік кедергілерді төмендету есебінен бизнес шығындары азайып, кәсіпкерліктің жаңа легі қалыптасатынына ерекше тоқ­талды. Ол сонымен қатар, заң жобасында мүгедектерге арнал­ған элеваторларды, эскала­тор­ларды, фуникулерді орнату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде сертифи­кация енгізілетінін атап өтті.

Комиссия мүшелері азамат­тық қорғаудың көптеген аспек­тілеріне қызығушылық танытты. Заң жобасына көп ұсыныстар енгізілгеніне қарамастан, кейбір Мәжіліс депутаттары бұл құжатта барлық нормалар жазылмағанын тілге тиек етті.

Жалпы алғанда, заң жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік сала­сындағы заңнаманы жетілдіруге, кәсіпкерлікке әкімшілік қысым көрсетуді азайтуға және өнер­кәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тиім­ділігін арттыруға бағытталған.

Жиын соңында комиссия мүшелері өзгерістерді қабылдау және осы бағытта көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру зиянды өндірістік нысандардағы авариялар мен өндірістік жара­қаттардың төмендеуін және ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететінін айтты.