Жарты тонна бидай ұрланды
Жарты тонна бидай ұрланды
Елімізде «Астық-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады. Бірақ шара басталмай тұрып-ақ, егін егу науқаны қарсаңында Солтүстік Қазақстан облы­сын­да жарты тонна бидай ұрлан­ғаны анықталды. Қызылжар ауданының по­лиция бөліміне шаруа қо­жалы­ғының басқарушысы хабарласып, Рассвет ауы­лын­дағы шаруашылықта кеп­тіру камерасынан 500 келідей бидайдың қолды болғанын айт­қан. Полиция қызметкерлері шаруа қожалығының аумағында бейнекамераның болмағанын айтады. Күзетші ұрлық болған кезде орнында болмаған. Жедел іздестіру іс-шара барысында бидай ұрлады деген күдікпен осы шаруашылықтың екі жұмысшысы ұсталды. Ұрланған бидай олардың бірінің үйінен табылды. Қос азамат бидайды мотоблокпен шығарып, жеке мақсатында пайдаланбақ болған. Қазіргі уақытта бидай заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, тергеу басталды. СҚО криминалдық полиция қыз­меткерлері атап өткендей, егін нау­қанымен бай­ланысты әр қылмыс ерекше бақы­лауға алынған.
– 27 сәуірден бастап бар­лық аймақтық бөліністің қыз­мет­керлері «Астық-2020» жедел про­­фи­лак­тикалық іс-шарасы­ның бірін­ші ке­зеңі шеңберін­дегі жұмыс­ты бастайды. Осы­ған орай, заң­сыз­дықтар бол­мауын бақылаймыз, – деп хабар­ла­ды СҚО Полиция депар­та­менті бас­шы­сының орын­басары Руслан Назаров.
 

 М.ХАҚНАЗАР