Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үй кешенінің қасбетінде сурет салынып жатыр – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үй кешенінің қасбетінде сурет салынып жатыр – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
Фото: Интернеттен алынды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті медицина қызметкерлеріне арнап салып жатыр. «Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат ‒ дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр деп санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз!» –  деді Кристина Бекмурзаева. Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті