Қалықтайды құстар Алакөлде
Қалықтайды құстар Алакөлде
367
оқылды

Жер бетіндегі жараты­лыс­ты сұлулықпен суреттеген Жарат­қанның шеберлігіне шек келтіре алмаспыз. Тұмса таби­ғат­тың көркемдігін көзбен көріп, жүрекпен қабылдау әр пенденің қолынан келе бер­мей­ді. Алайда сол табиғат пен адамзаттың жан дүниесі біте­қайнасып кеткен. Табиғат ана­н­ың мұңын сезіп, майын тамызып қарапайым халыққа жеткізетін ақын мен сурет­ші­лер секілді. Сол әдемілікті қызық­тауға Алакөлде Алматы облысының әкімшілігі мен Туризм басқармасының бір­ле­суімен ұйымдастырылған «Алакөл қанаты» атты құстар фестивалі мүмкіндік берді. Бұл фестиваль бірнеше жыл қа­та­ры­нан өткізіліп келеді. Ұйым­дастырушылар негізінен орнотологиялық туризм саласын дамытуға күш салып жатыр. Міне, келген қонақ­тар­ды Алакөл табиғи-климаттық шипажайдың «Пеликан» дема­лыс орталығы жылы қарсы алды.

«Алакөл қанаты» – құстарды бақы­лайтын Қазақстандағы жал­ғыз фестиваль. Олардың қоныс­тан­ған жерінің өзі бір ғанибет. Жазық дала мен тау бөктері қосы­лып, тарихы тылсымға толы Ала­көл көліне тоғысқан – бейне бір жер жаннаты. Фестиваль­дің бағ­дар­ламасы бойынша маңайдағы әр­түрлі тіршілік ортасын саяхаттап, сон­дағы құстардың тіршілігін бақы­лауға болды. Оның ішінде жағалау да, жазық дала да, тау да бар. Әрбір тіршілігі бар ортаның өзінің мекендейтін құсы болады, сонысымен әр жер өзінше қызық.

– Құстар фестивалі негізі құс­тар­­дың жер аударуына байла­ныс­ты осы аралықта ұйымдасты­ры­лады. Оның басым бөлігі осы кезде жұ­мырт­қа салып, махаббат ойын­да­рын ойнайтын кезең. Арасында қоректеніп, алыс жолға күш жи­най­тыны да бар. Міне, осы кезде құс­тарды бақылауға мүмкіндік болады. Ресейден келген сібірлік­тер үлкен, кіші аралдарға бармай-ақ демалыс орынның өзінде құс­тың көбін көргенін айтты. Қызығы, біздегі құстар жиынтығы олардікі­нен мүлдем басқа. Жалпы, құстар – экология мен өмірдің инди­ка­торы. Мәселен, соғыс болып жат­қан Сирия, Ирак сияқты елдерден ұшып, жол тізбегін салмайды. Тіпті жол салғанның өзінде бағытты өз­гер­тіп салады. Соғыс аяқталса да біраз уақыт ол елдің үстінен ұш­пай­ды, – дейді фестиваль ұйым­дас­тырушысы Наталья Боровая.

Оның айтуынша, Алакөлге қонып, ары қарай Үндістанға, Африкаға ұшып кететін тырналар бар. Ресейдің кейбір жерінде жылы жақтан ұшып келген құстар мекен­дейтін көлдер болады. Суы қатпа­ған­дықтан құстарға өте қолайлы. Ал бізде қыс қатты болғандықтан құстың көбі тұрақтамай, ұшып кетеді екен. Құстарға қызығушы­лық болу үшін бірқазан, шағала, тырна секілді ірі құсты көру керек. Қызыққа кіріп кеткен соң, құстар өміріңе айналады. «Құс – бәрімізге ортақ. Ол мына елде ұя салады, мына елде мекендейді деп бөліп жар­майды. Сондықтан халықа­ралық ұйымдар да халықаралық бағдарламаларды жасайды. Мыса­лы, Қазақстандағы орнито­ло­гия­лық аймақтың бәрі халықаралық деңгейде бекітілген. Мәселен, релипті шағала әлемде үш-ақ жерде ұя салады. Олар: Моңғолия­ның Эдзингол көлі, Бурятияның Борей-Турей көлі және Алакөл. Бұл – қызыл кітапқа енген, сирек құс. Ұя салуға Алакөлге келіп, жаз бойы болады. Көбіне көл шаға­ла­сы­­нан бірге жүргендіктен оны ажырату қиын.


Алакөл қорығында 120-ға жуық құстың түрі бар болып есептеледі. Ол тек суда мекендейтіндер ғана, ал тау, жазық далада қаншама?! Был­тыр санақ жасағанымызда құстың 80 түрі болды. Сондықтан құстың 200-ге жуық түрін көруге болады», – деді Наталья Боровая.

Фестиваль аясында Алматы облысының әкімдігі мен Туризм бас­қармасының бірлесуімен «Жаға­­жайлық емес кезеңдегі дема­лыс орындарының жұмыс істеу мүмкіндіктері» атты тегін екі күндік семинар өтті. Семинарға Алакөл жағалауындағы демалыс орындары­ның қызметкері мен Ақши және Көктума ауылындағы қонақүй иелері қатысып, пікір алмасты. Оған қоса, екі күн қата­ры­нан отан­дық дизайнерлер мен қолөнерші­лер­дің туындылары «Құс­тар жәр­мең­кесі» атты көрмеде көрсетілді.

– Өзім алматылықпын. Қолдан­балы өнермен бала кезден айналы­са­мын. Түрлі-түсті темір, сүйек-саяқ, ағаш сияқты таза материал­дармен жұмыс істеймін. Бұл фестивальге бірінші рет қатысып отырмын. Бірақ жаныма, шығар­машылығыма жақын адам­дарды таптым, – дейді қолөнерші Сергей Черкашин. Ал Лариса Ают­ки­на болса, кішкентай қуыр­шақ­тар­ды мың теңгеге бағалаған. «Жұмыс­тың ақысы көлеміне байла­нысты. Мысалы, қуыршақтар мың теңге болса, одан үлкен жұмыстар – 25 мың теңге. Оларды пластика-соғу арқылы жасаймын. Онда да ақша табу үшін емес, шы­ғармашылық еркіндік. Бір сөзбен айтқанда, ой еркіндігі керек. Бір кезде құлдарды жасадым, көңілім соны қалады. Мәселен, көңіл күйің болмаса, қуыршақ жасауға да ниетің болмайды. Сондықтан жа­ның нені қалайды соны істеген дұрыс. Ал жұмыстарымды көңілі­нен орын тапқандар алатынын жет­кізді ол. Бұдан басқа суретші-сиқыршы қонақтарға өзінің алуан түрлі бас киім коллекциясын ұсын­ды.


«Северный ветер» және «Аква­фон» тобының қатысуымен Алакөл жаға­сындағы кештер қызықты өтті. Бардтық концертпен бірге Ала­көл жайында фильм де көр­се­тіл­ді. «Құстай самғау» атты психо­лог Наталья Имтосимнің психоло­гия­л­ық тренингіне қатысуға мүм­кін­дік туды. Сонымен бірге, ита­лия­лық суретші, «Италия» білім орта­лығының директоры Кармин Барборадан майлы бояумен кенепке сурет салуды үйретіп, қатысу­шы­ларға сабақ берді. Сонымен бірге, Алакөлдегі аралтөбелерге барып, ондағы тіршілікпен танысуға мүмкіндік болды.

Фото: Юрия Беккера