19 сәуір 15:56-дағы ахуал бойынша 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласы - 5, Ақтөбе облысы - 2, Түркістан облысы - 4, - деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 400-ге жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы – 177
Алматы қаласы – 84
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 17
Ақтөбе облысы – 7
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 21
Жамбыл облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 12
Қызылорда облысы – 24
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 18
Түркістан облысы – 11.