Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер карантинде қазақ тілін үйреніп жатыр. Онлайн сабақтың видеосы елшіліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. "Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын”, - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. https://www.instagram.com/p/B_H-iBqphkT/