Мейірім

Мейірім

Жамбыл облысы

Мінәжат

Тұра берсін жерім аман, тауым да аман;

Аман жүрсін досым да, жауым да аман;

Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,

Қиналғанын сезіну – ауыр маған...

Көңілім бар ешкімге тарылмаған,

Аман болсын жат адам, бауыр да аман,

Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,

жұлдыз ағып құласа – ауыр маған...

Шымкент қаласы

Шаршасам да қуатты дауылдардан,

Жауындардан беймезгіл сауылдаған.

Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,

Жаутаңдаса жанары – ауыр маған...

Далам да аман тұрса екен, бауым да аман,

Қалам да аман тұрса екен, ауыл да аман.

Бір адамның өлгенін естіп қалу –

Өзім өліп қалғаннан ауыр маған.

Қарағанды облысы   Түркістан облысы

Өткереді не зұлмат, құйынды адам,

Елім аман болсыншы, үйім де аман.

Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай,

Сол болсыншы беретін сыйың маған!

 

Aвторы Ақберен Елгезек

Алматы қаласы   Нұр-Сұлтан қаласы «Дәрігердің мамандығы — бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек» депті Антон Чехов.  Шынымен де дәрігер үшін  зардап шеккен адам,  кім болса да — дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін арашалап алып қалуға тырысады. Өзгені құтқару үшін барын салады, жанын береді.  Сондықтан бүгінгі күннің батырларын ел-жұрт болып құрметтейік, қадірлейік!!!