Соғыс жағдайында байланыстың болуы – бұл тек шайқастың жүруіне әсер ететін күшті фактор емес, сонымен қатар негізгі қақпаның бірі. Өйткені байланыс штабтағы жағдайды ғана емес, соғыстың барысын жиі өзгертіп жіберетін маңызды ақпаратты хабарлауға да, сонымен бірге жалпы соғыс тарихына да көмектеседі. Отанға адал, шапшаң және батыл, өз ісін жақсы білетін Кеңес Армиясының байланыс қызметкерлері болды. Олардың ішінен батыр атағына лайық отандасымыз – Қуанышбек Нұрбаев.
1915 жылы дүниеге келген гвардиялық аға сержант 38-ші Гвардиялық артиллериялық дивизия байланыс бөлімінің командирі еді. Өзі әскерге Ақмола облысы, Молотов аудандық комиссариаттан шақырылған. 1945 жылы 16 сәуірде, Одер өзенінің шығыс жағалауындағы шайқаста ол да болды. Дивизион ұрыс сапында тұрған кезде Қуанышбек миномет, пулемет және артиллериялық оттың ортасынан өтіп, дивизионның бақылау орнынан батареямен байланыс орнатқан.[caption id="attachment_37083" align="alignleft" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Одер өзенінен өткеннен кейін олармен басқа құрал арқылы байланысты қайтадан жалғаған. Қан майдан шайқаста миномет пен артиллериялық оттың жан-жақтан ұшқаны, минут сайын жарылып жатқан миналар мен снарядтарға қарамастан, Қуаныш Нұрбаев уақытында үзілген сымды жалғап отырған. Соның арқасында дивизионның үздіксіз команда беруін қамтамасыз етті. Бір күнгі ұрыста ерлік пен батылдық көрсетіп, жау оғының астында 40-қа жуық үзілген сымды қалпына келтірді. Мүмкін, оны оқтан құдай сақтаған болар. Себебі, екі жақтың боратылған оғының астында байланыстың сымдарын жалғау мүмкін емес болатын. 1945 жылы 18 сәуірде ол қауіпқаті елемей 15-ке дейінгі үзілген линияны жөндеген. Сөйтіп, жаудың қарсы шабуылдарының сәтсіз әрекетіне ықпал етті.
1945 жылы 20 сәуірде үздіксіз байланыс жұмысын қамтамасыз етуі арқасында дивизионның жауға соққы бергені және Одер өзенінен өтуді қамтамасыз етілді. Осы ерлігі, батылдығы мен ержүректілігі үшін «Ленин» орденімен марапатталды.