Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі аккаунтында еліміздегі коронавирус дерті жайында жазба қалдырды. «Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», деп жазды Президент. Ол сондай-ақ карантин ережелерін қатаң сақтау керектігін жеткізді. «Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет» деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 19, 2020