Арман Шораевтың ісі әлі сотқа келіп түскен жоқ – Жоғарғы сот
Арман Шораевтың ісі әлі сотқа келіп түскен жоқ – Жоғарғы сот
Фото: Интернеттен алынды
Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс сот өндірісінде емес, соталды тергеу кезеңінде екенін айтты. Айдос Сәдуақасов Facebook-тағы парақшасында: «Арман Шораевқа қатысты бұлтартпау шарасына рұқсат беру мүмкіндігі бойынша мынаны хабарлаймыз: қазіргі уақытта Алматы қаласының тергеу сотына оған қатысты іс материалдары келіп түскен жоқ. Заң бойынша ешкімнің, тіпті Жоғарғы сот төрағасының да әділ сот процесіне араласуға құқығы жоқ. Істі өндіріске алған судьяны бақылау және оған нұсқау беруді әділ сот шешімін қабылдауға қол сұғу ретінде қарастырған жөн. Бұған жол берілмейді. Соттың іс-әрекетіне алдын ала баға беруге асықпауды сұраймыз», – деді Айдос Сәдуақасов. Айта кетейік, бұған дейін  Арман Шораевтың қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.