Теңіз кенішіндегі «Болашақтың» жұмысшылары наразылық білдірді
Теңіз кенішіндегі «Болашақтың» жұмысшылары  наразылық білдірді
Фото: "Ақ Жайық"
Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішінен түсірілген бейнежазбалар тарады. Кеше, 19 сәуір күні кешке «Болашақ» вахталық поселкесінде тұратындар жиналып, басқа вахталық поселке жұмысшыларын орналастыруға наразылықтарын білдірді, – деп жазады «Ақ Жайық». Себебі жұмысшылар коронавирус жұғады деп қорқады.  Ал ТШО-ның баспасөз қызметі іс жүзінде алаңдауға негіз жоқ деп отыр.   https://youtu.be/FNpEK7EJQS4 «Болашақ» лагерінің тұрғын блогына таңертең ертемен үйлеріне жіберілетін қызметкерлер орналастырылған. Олардың барлығы жедел тестілеуден өткен, Ешқайсысынан індеттің белгілері анықталмаған. Енді олар «Болашақта» көлік күтіп жатыр. Сол жерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. https://youtu.be/ZtCy42SvTM0