Орталық Азиядағы әуекомпаниялар алғаш рет бас қосты
Орталық Азиядағы әуекомпаниялар алғаш рет бас қосты
328
оқылды

Душанбе қаласында Орталық Азиядағы әуекомпаниялар басшыларының алғашқы дөңгелек үстелі өтті.

Оған Somon Air (Тәжікстан), Air Astana (Қазақстан), SCAT Airlines (Қазақстан), QAZAQ Air (Қазақстан), Uzbekistan Airways (Өзбекстан), «Авиа Траффик» (Қырғыстан) әуекомпаниялары қатысты. Басқосуда Орталық Азиядағы әуе тасымалдаудың қиындықтары мен тосқауылдары, сонымен қатар ұшулардың қауіпсіздігі мен әуе жанармай мәселелері талқыланды.

Халықаралық әуе тасымалдау қауымдастығының (IATA) болжауы бойынша, 2037 жылға дейін әлемдік авиа саласында жолаушылар легі екі есе ұлғайып, дүниежүзілік экономика орталығы батыстан шығысқа қарай ауысатынын айтуда. Мұның әсерінен Орталық Азиядағы жолаушылар легі де ұлғая түседі. Кездесу барысында әуекомпаниялар Орталық Азиядағы авиацияның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін бірқатар сын-тегеуріндерді атап өтті:


* Ұшу қауіпсіздігі әуекомпаниялар үшін де, авиацияны қадағалаушы органдар, әуежайлар мен авиация саласындағы басқа да құрылымдар үшін аса маңызды. Қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына толықтай сәйкестікті қамтамасыз ету керек. Соның ішінде, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) ережелеріне, сондай-ақ авиациалық оқиғаларды тексеру кезінде де, ұшулар қауіпсіздiгi бойынша еуропалық агенттіктің (EASA) техникалық стандарттарына, IATA пайдалану қауіпсіздігінің аудитіне (IOSA) және IATA жер үсті қызметтің қауіпсіздік аудитінің (ISAGO) талаптарына сәйкес болуы керек.

 * Салық салу, кеденді және басқа да сыбайлас алымдар тұралығында әлемнің үздік тәжірибесiн қолдану маңыздылығына үкімет басшыларының назарын аудару. Мысалыға, мемлекеттік құрылымдардың қауіпсіздікті сақтау мақсатында Жолаушылар туралы ақпаратты жинау (API/PNR) маңызды екенін толықтай мойындаса да, әуе компаниялары мұндай алымдардың әуекомпания мен жолаушылар есебінен жасалмауы керектігіне назар аударуда. API/PNR үшін ешбір алымдарсыз әлемнің 94 елінде реттелуде.

 * Әуекомпаниялар авиацияның дамуына байланысты ұлттық стратегияларды дайындауда, сондай-ақ аймақтағы авиация саласының дамуына кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдармен нәтижелі әрі тиімді өзара әрекеттестікке сенім білдірді.


Дөңгелек үстелге бақылаушы ретінде қатысқан IATA әуекомпанияларына толықтай қолдау көрсетті.
Орталық Азия әуекомпаниялары басшыларының дөңгелек үстелі тұрақты түрде жылына екі рет өткізілетін болады. Кезекті кездесу 2019 жылдың қазан айында өтеді.