СOVID-19: Алматыда тағы 11 адам тіркелді
СOVID-19: Алматыда тағы 11 адам тіркелді
Фото: Интернеттен алынды
Қалада жаңадан тағы 11 жағдай тіркелді. Олардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантиндегі науқастармен байланыста болғандар. Кеше Соvid-19 диагнозымен екі адам қайтыс болды. Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болған. Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі 1931 жылы туған әйел. Ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған. Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 436 адам коронавирустық инфекциядан емделуде. Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6-уында – ауыр, 138 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жай-күйі – қанағаттанарлық. 84 пациент коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды. Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантиндік оқшаулауда 520 адам, үй карантинінде 9764 адам бар.