Министр 42 500 теңге барлық адамға бірдей не себепті берілмейтінін айтты
Министр 42 500 теңге барлық адамға бірдей не себепті берілмейтінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемі барлық азаматқа бірдей төленбейтін себебін түсіндірді. «Неге 42 500 теңге барлық азаматқа бірдей берілмейді? Енді осыны түсіндіріп берейін. Төтенше жағдайға байланысты Үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды, қарастырылып жатыр. Бір жағынан несиелер, салықтар, қарыздар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта ұлғайды. Жаңа қаражат төленгенге дейін сәуір айын төлеп қойғанбыз. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны көтерілген мөлшерін мамыр айында сәуірдегі қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеуге 15 мыңнан төлем енгізілді. Оны да осы жерге тиісті мамандар келіп түсіндіреді. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды», – деді министр. Министрдің айтуынша, 42 500 теңге төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған азаматтарға ғана төленеді.