Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де, 42 500 теңге тек тірі адамдарға беріледі – Нұрымбетов

Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де, 42 500 теңге тек тірі адамдарға беріледі – Нұрымбетов

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш берген азаматтар жіберген қателіктерді атады. Оның айтуынша, банк 800 мың адамның өтініште көрсеткен шотын қайтарды. Себебі ол шоттар жабылған. Жұмыс істемейтін банк карточкасын көрсеткендер де бар. «Елімізде төтенше жағдайға байланысты берілетін төлем жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткендерге де беріледі. Біраз азаматтардың жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен екен. Оған да арнайы шешім қабылдадық. Жеке куәлігінің мерізімі өтіп кетсе де, 42 500 теңге төлем алуға кедергі болмасын деп, оны да ережеге қостық. Сонымен қатар шетелге көшіп кеткен азаматтардың атынан, өмірден өтіп кеткен, қайтыс болған азаматтардың атынан келген өтініштер де бар. Сондықтан әлеуметтік төлем алуға өтініш бергенде дұрыс ақпарат толтырыңыздар. Бұған дейін 7 рет осындай брифингте айттым», – деді министр.